Ислам дінінде отбасы бірлігіне айырықша маңыз берген. Отбасы – исламда баға жетпес құндылықтар ретінде әспеттеледі. Қоғам отбасыдан басталатындығын ардақты пайғамбарымыз (с.ғ.с) жете түсініп, тұтас қоғамды таза ұстаудың бірден-бір кепілі –отбасы тәрбиесі мен жанұя құндылықтарында екендігіне маңыз берген.Шымкент қаласы Қаратау ауданы «Байғұт баба» мешітінің бас имамы Желеуов Дастан колледжіміздің студенттеріне насихаттады. Және де Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің маманы Жолдас Әкім бізде қонақта болды