242997621_1265581867240412_3680917843691831982_n-1.jpg

ЧЕМПИОНДАРМЕН КЕЗДЕСУ: Спорт майталмандары колледжіміздің 1-курс студенттерімен кездесті. Күрес, каратэ, ережесіз жекпе-жек, MMA, джиу-джитсу секілді бірнеше сала мамандарының алды қазір шәкірт тәрбиелеп жүрсе, енді бірі әлі де ел намысын қорғап, шаршы алаңда өнер көрсетеді. Олар өз тәжірибесімен бөлісіп, алдағы жоспарын айтты.
Әдетте тек теледидар мен әлеуметтік желі арқылы таныс болса, спортшылар жастардың алдына барды. Бетпе-бет кездесу мақсаты – тәлім-тәрбие беру, өмір жолындағы түрлі сынақты жеңу жолын үйрету. Шыңға шығу жолындағы қиындықты еңсерудің қыр-сырын айтып, жастарға өз елінің патриоты болуға шақырды. Олардың арасында джиу – джитсудан әлем чемпионы Акбар Елубайұлы, MMA бойынша Европа чемпионы, Азия чемионы, ҚР 3-дүркін чемпионы Шаполатов Меирхан Жумабайұлы, Әмбебап жекпе-жектен ҚР чемпионы, спорт шебері және аға жаттықтырушы Ахатаев Абзал Қайратұлы сонымен қатар әмбебап жекпе-жектен ҚР чемпионы Махмудхан Бейбітте болды.