Құрметті талапкерлер, Ата-аналар!

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 18 қазандағы № 578 бұйрығына енгізілген өзгерістер бойынша белгіленген тәртіппен Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау тәртібін негізге ала отырып, М.Сапарбаев институтының «Парасат» колледжі оқуға құжат қабылдау үшін өз таңдауыңыз бойынша, төмендегі көрсетілген үш түрлі тәсілді ұсынады: 

1. Колледж базасында құжат қабылдайды

2. Электрондық үкімет порталы eGov.kz арқылы;

3. College SmartNation порталы арқылы (college.snation.kz)

Құрметті талапкерлер! 25 маусымнан бастап колледжге оқуға тапсыратын талапкерлерге мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша орындарды тағайындау конкурсына өтініштер қабылдау басталады.

Конкурсқа қатысу үшін орта буын маманын даярлау мамандығына 4 колледжден, 4 мамандыққа дейін таңдай алады. Конкурсқа қатысу үшін оқуға түсушілер негізгі орта білім базасында күнтізбелік жылдың 18 тамызына дейін, ал жалпы орта, Техникалық және кәсіптікорта білімнен кейінгі білім базасында күнтізбелік жылдың 20 тамызына дейін өтініш қабылданады.

Жемісті ынтымақтастыққа үміттенеміз!