Жаңалықтар «Парасат» колледжінің соңғы жаңалықтары
193934470_1187749521690314_7969757670236048599_n

Балаларды қорғау күні құтты болсын! Уайымсыз, қуанышты, көңілді балалық шағы ұзақ болсын! Әр баланың дені сау, ата-анасының қамқорлығында болсын. Ата-аналарға мейірімділік пен шексіз махаббат тілейміз!

31-мамыр

31 мамыр – саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні.Тәуелсіздік алғаннан кейін 1993 жылы 14 сәуірде жаппай қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы ҚР Заңы қабылданды.

31 мамыр – саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні.Тәуелсіздік алғаннан кейін 1993 жылы 14 сәуірде жаппай қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы ҚР Заңы қабылданды.
28-мамыр

Қ. Мұңайтпасұлының туылғанына 150 жыл толғанына орай колледжіміздің студенттері Қажымұқан атамызға арналған спорт мұражайына саяхат жасады.

20-мамыр

Шымкент қалалық Жасөспірімдер кітапханасында ұйымдастырылған Ж.Жабаевтың 175 жылдығына орай «Өшпес ғұмыр – өміршең жыр» атты тақырыпта өткен кітап көрмесіне колледжіміздің студенттері қатысып, кітапхана тіршілігімен танысып қайтты.

15-мамыр

15 мамыр – Халықаралық отбасы күніне орай колледж оқытушысы Абылай Лаура Оспанәліқызы «Отбасы құндылықтары» тақырыбында ашық тәрбие сағатын өткізді. Осы негізде отбасынан жалғасын табатын құндылықтар негіздерін ұмыт қалдырмай, жаңғыра түсейік, рухани болмысымызды жоғалтпайық!

14-1мамыр

Ислам дінінде отбасы бірлігіне айырықша маңыз берген. Отбасы – исламда баға жетпес құндылықтар ретінде әспеттеледі. Қоғам отбасыдан басталатындығын ардақты пайғамбарымыз (с.ғ.с) жете түсініп, тұтас қоғамды таза ұстаудың бірден-бір кепілі –отбасы тәрбиесі мен жанұя құндылықтарында екендігіне маңыз берген.Шымкент қаласы Қаратау ауданы «Байғұт баба» мешітінің бас имамы Желеуов Дастан колледжіміздің студенттеріне насихаттады. Және де Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің маманы Жолдас Әкім бізде қонақта болды

Құрметті талапкерлер, Ата-аналар!

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 18 қазандағы № 578 бұйрығына енгізілген өзгерістер бойынша белгіленген тәртіппен Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау тәртібін негізге ала отырып, М.Сапарбаев институтының «Парасат» колледжі оқуға құжат қабылдау үшін өз таңдауыңыз бойынша, төмендегі көрсетілген үш түрлі тәсілді ұсынады: …

4-маусым

Құрметті әріптестер!Бүгін – Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күні!Көгілдір түсті ТУЫМЫЗ бен ортасында шаңырақ бейнесіндегі алтын сәулелі күн орныққан ЕЛТАҢБАМЫЗ, әуелете шырқайтын ӘНҰРАНЫМЫЗ – елдің мызғымас негізі, егемендігіміздің символы, тәуелсіздік тұмары.Халқымыздың мұқалмас рухын, қаһармандығы мен даналығын, асқақ арман-тілегін жеткізетін құнды белгілеріміз ҰЛЫ ДАЛА ЕЛІМЕН мәңгі жасасын! Туымыз тұғырлы, Елтаңбамыз еңселі, Әнұранымыз айбарлы болсын!

ТУ ЕЛ ТАНБА 1

Мемлекеттік рәміздер – Ту, Елтаңба және Әнұран Қазақстан Республикасының дербестігі мен тәуелсіздігін бүкіл әлемге танытушы әрі мемлекетіміздің өткені мен бүгіні және болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын көрінісі. 1992 жылғы маусым айының 4-ші жұлдызы Қазақстан Республикасы тарихындағы ерекше мәртебелі күн. Бұл күн еліміздің мемлекттік рәміздері — Туы, Елтаңбасы, Әнұраны — дүниеге келген күн ретінде мәңгі есте қалады

1992 жылғы маусым айының 4-ші жұлдызы Қазақстан Республикасы тарихындағы ерекше мәртебелі күн. Бұл күн еліміздің мемлекттік рәміздері — Туы, Елтаңбасы, Әнұраны — дүниеге келген күн ретінде мәңгі есте қалады